Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында,
Шымкент қаласы, Абай ауданы Қ. Төлеметов көшесінде орналасқан «Мәртебе» мейрамханасына ҚМДБ Уақып қорының Уақыпнама кәулігін табыстау шарасы ұйымдастырылады.
Игі шараға Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, аталмыш мейрамхана басшысы Жораев Марат Базарбайұлына салтанатты түрде ҚМДБ уақып қорының Уақыпнама куәлігін табыстады.
ҚМДБ Уақып қорының жүмысына қолдау көрсеткен Марат Базарбайұлына шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.
Айта кетейік, «Мәртебе» мейрамханасында түрлі деңгейдегі астар мен үйлену той, беташар, т.б астарды өткізуге болады. Барлығы адал тағам өнімдері, онда ішімдікке жол берілмейді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38