Бүгін, 18-мамыр – Халықаралық музей күніне орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Музейге кітап сыйла» акциясы бойынша Түркістан облысы, Отырар ауданында орналасқан «Отырар мемлекеттік археология қорық-музейі» РМҚК  «Арыстан баб»  кесенесіндегі көне кітапхананы жаңғырту мақсатында кітапханға кітаптар тапсыру шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, ҚМДБ-ның бас есепшісі Лаура Байжарасова бастаған делегат мүшелері,  қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, шаһар бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық мешіттің іс басқарушы Азамат Әбдіркемұлы, дінтанушы Ербосын Орын,  Қор сақтау ғылымми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ералы Шоқай, экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Бекешев, Үрзия Жұмабайқызы,  Маржан Дулат т.б. азаматар қатысты. 

«Өздеріңізге белгілі, кесенеде ХІХ ғасырға дейін «Көне Арыстан баб кітапханасы» болған. Кеңестік дәуір тұсында кесенедегі өте құнды кітаптар қоры сол қилы заманда қолды  болып, ұралып, өртеліп бүгінгі уақытта толық жетпеді. Осы орайда, көне кітапхананы жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң қорытындысынан өткен діни кітаптар кесене кітапханасына сый етілді. Тапсырылған кітаптар ішінде қасиетті Құран Кәрім, Тәпсір ілімі, хадис ілімі, Ақида ілімі, Қ.А.Яссауи ілімі, Ислам тараихы мен Пайғамбарлар тарихы, Ихсан ілімі т.б. 100-ден астам кітаптар қамтылды. Бүгінгі кітаптар «Арыстан баб» кесенесінің  кітапханасынан  орын алып, кесенеге келген зияратшылар пайдалана алады», – деді дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров.  

Айта кетсек, көне кітапханы жағырту игі жұмыстарына қолдау білдірген «Отырар мемлекеттік археология қорық-музейі» РМҚК директоры  Махашов Жанкелді мырза алғысымызды білдереміз. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38