Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінің Әйел-қыздар бөлімінде 4 айлық діни сауат ашу курсы өтуде. Ақпан айында басталған бұл курс мәресіне жақындауда.
Төрт айдың ішінде келген шәкірттерден елуге жуығы Құран әліппесін бітіріп қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді арап тілінде, ережелеріне сай оқи алатын дәрежеге жетті. Осыған орай шәкірттерді одан әрі ынталандыру, еңбектерін бағалау мақсатында салтанатты кеш өткізілді. Кеш әрине Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің оқылуымен басталды. Құран туралы маналогтар оқылып, Құран туралы спектакльдік көрініс көрсетіліп, иләһи әндер айтылды. Кешті ерекше қылатын ол тәжі кигізу салтанатын да қаллырып қоймады. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: » Кімде кім Құран Кәрімді бастан аяқ жаттап оны қорғаса, жаннатта оның ата- анасына нұрдан тәжі кигізіледі» дегеніне байланысты,  шәкірттеріміз тәжі киіп қуансын, бұл дүниеде өздері темірден киген тәжіге қуанса , ата- анасын жаннаттағы нұрдан тәжі кигізіп қуандыруға талпынсын деп осындай кештерді ерінбей, шаршамай ұйымдастырған ұстаздар мен демеушілерге алғысымыз шексіз. Раббымыз сіздерді жаннатымен қуантсын.
Кеште ерекше көзге түскен  арнайы осы кештің құрметіне ұстаздардың қолымен пісірілген және Құран суреттелген торт болды.
Кеш соңы сыйлықтар тарту етіліп берекелі дастарқан жайылды. Қариялардың батасымен кеш соңына жетті.

Шымкент қалласы орталық мешітінің баспасөз зыметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38