ҚМДБ-ның бастамасымен құрылған жеті бағыттың бірі Қайырымдылық іс- шарасына байланысты, Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Абай ауданы «Әділ Омар» мешітінде көмекке мұқтаж, жағдайы төмен 20 отбасыға зекет үлестірілді. Жалпы 1000000т (бір миллион тенге) зекетін шығарған жомарт кәсіпкер азаматқа ақ жаулықты аналар мен апаларымыз «Алла разы болсын»- деп, ақ тілегін жаудырып, өз ризашылықтарын білдірді. Исламның бес парызының бірі Зекетін үлестірген демеуші азаматқа Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Алла сауаптан жазсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38