Отыз күн оразасын тәмамдаған мұсылман жұртшылығына шат-шадыман қуанышын алып Ораза айт та жетті. Шымкент қаласы Әл- Фараби аудандық Абдулхамид Қаттани мешіті айт мерекесін атап өтті.  таңғы сағат 7.30-де айт намазына жиналған халық мешіттің іші сыртын лық толтырды. Шымкент қаласы Әл фараби аудандық Абдулхамид Қаттани мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек ел ынтымағы мен бірлігіне шақыратын « Ораза айт ұлық мереке » тақырыбында көпшілікке уағыз насихат жүргізді.
Намаздан кейін жиналған көпшілік асық ату, күрес, арқан спорт түрлерінен ерлер сайысқа түсті. Арнайы бекітілген әділ қазылар жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орындардан көрінген батырларға сыйлықтар табыс етті.
Әрбір мұсылманның жүрегін шаттыққа толтырып, үлкенді де, кішіні де мәз мейрам еткен Ораза айт мерекесі осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бірлік пен татулық аясында асқақтап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38