Шымкент қаласы, Абай аудандық “Нұр-Төбе” мешітінде, “Ораза айт намазы” таңғы сағ 7:30 да жамағпен оқылды! Мешітімізге 1500-ге жуық халық жиналды! Келген жамағатқа, бас имам Жәміш Бердалы “Ислам діні ынтамақ бірлік”, “Ораза ұлық мереке” атты тақырып жайында әсерлі уағыз жеткізді! Және бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің “Ораза айт” мерекесімен құтықтауын жолдап, Шымкент қаласының бас имамы, Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді!
Ардагерлер кеңісінің төрағасы мен зиялы қауым өкілдеріне, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің “Құтықтау хатын” табыстады!
Айт намазынан соң ата-бабаларға Құран бағышталып, ақ сақал аталарымыз елімізге, жерімізге, береке сұрап бата жасап, үлкен-кіші жамағат, бір-бірін ораза айт мерекесімен құтықтап, жақсы көңілмен тарқасты!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38