Бүгін, 1-мамыр  Қазақстан халқының бірлігі күні және Ораза айт мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Мәсжиду Рахман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбековтың ұйымдастыруымен   республикалық «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан шаһар бас имам орынбасары Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік салынған «Рамазан қоржынын» табыс етті.  Жалпы алғанда мешіт тарапынан 100 отбасыға құны алты жүз мың теңге көлемінде азық-түлік таратылды. Басқосу аясында  «Мәсжиду Рахман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен мешіт қауымына, дін жанашырларына алғыс айтып, ризалық білдірді. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38