Бүгін Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. Шаһардың бас мешітінде өткен айт намазын Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  жүргізіп, әуелі ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жеткізді. Ораза айт намазына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, айт меркесімен құттықтады.

Сондай-ақ, мешітке жиналған жамағат алдында қасиетті Рамазан айында оқылған Құран хатым арнайы бағышталып, елдің бірлігі мен ынтымағына дұға етілді.

Осыдан кейін, дәстүрлі спорттық ойын түрлерінен мерекелік шара ұйымдастырылды. Игі шараны қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы жүргізгіп, айт меркесі  және ойын ережелері мен тәртіптерін түсіндірді.

Рухани мерекелік шара  барысында қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбек пен қалалық «Дін және Спорт» бөлімінің өкілі Ербол Қалшабектің мұрындық болуымен «Дін және спорт»  атты ұлттық спорттық ойындар мерекенің әрін кіргізді. Яғни, қол күрес, арқан тартудан, кіртасын сынды жарыстар өткізілді.

Жарыс соңында жеңімпаздарға  өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді.      

Айт намазға келген жамағаттың көңіл-күйі өте жоғары екендігі сезілді. Айт намазына келген кішкентай бүлдіршіндер мен жамағатқа Рамазан тәттілері мен бауырсақ ұсынылып, өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға-тілек жасалды. Ораза айт құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38