IMG 684

IMG 684

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті және әйел- қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен 8- наурыз аналар күніне орай қыз- келіншектер арасында «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» атты мерекелік шара өтті. Іс- шараға аудандық «Нұғман» мешітінің қыздар бөлімі ұстазы Мусаева Мухлиса, сонымен қатар ауданымыздың әжелер алқасы болып өткен шараға төрешілік етті. Мерекелік жарыс бойынша түрлі- қызықты ойындар, солардың қатарында сканвордтар шешу, жұмбақ жасыру т.б және де Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) өмірі жайлы қызықты оқиғалар, басынан кешкен қиындықтары баяндалды. Сайыс барысында ауданымыздың қажы апалары өткен тарихтағы қазақ қыздарының иманды да ибалы болғанын, қазіргі таңдағы жастардың имандылыққа барынша бет бұрып, салт- санасын өзге нәрселермен уламауды өсиет етті. Жарыс соңында алғашқы үштікті иеленген топтарға Бас имам атынан сертификат табысталды. Сайыс ақыры мерекелік шараға ұласып, ауданымызда кеңес өкіметі кезінен қазіргі таңға дейін аналар- әжелер алқасына үлесін қосып келе жатқан апаларымызға алғыс хат табысталды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 678

IMG 679

IMG 680

IMG 681

IMG 682

IMG 683

IMG 684

IMG 685

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38