Бүгін Шымкент Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Рамазан айы: Зекет және қайырымдылық жұмыстары» атты кеңейтілген семинары ұйымдастырылды.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастағана қала имамдары мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекші мамандары, «Жастар ісі» секторы мен «Әйел-қыздар» секторының жетекшілерін қатысты.
Кеңейтілген семинар барысында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек қажы Азимбаев арнайы баяндама жасады.
Баяндама барысында ҚМДБ-ның Уақып қоры мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өткен жылдық жетістіктері мен биылғы қасиетті Рамазан айында атқарылатын негізгі жұмыс жоспарын таныстырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі