Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес,  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Дархан дала» отандық туризм саласына байланысты кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Мәжілісті Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Бас имам «Дархан дала» отандық туризм саласына байланысты тоқталып, жұмыстарды күшейту, насихаттау туралы нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ,  мәжіліс барысында ҚМДБ-ның «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекші болып шаһар бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бекітілді. 

Жаңадан «Дархан дала» отандық туризм саласына бекітілген  Мұхамеджан Естеміров арнайы алдағы атқаратын жоспарымен таныстырды.  

«Шымкент қаласында Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қошқар ата, Мұхаммед Дәруиш ата сынды 21 әулиелер жатқан кесенелері мен  36 мұсылман зираты орналасқан. Енді, жергілікті әкімдікпен бірге отандық туризм саласын дамыту үшін қасиетті жерлер мен киелі орындар, зират-мазарлар мен кесенелердегі жауапты шырақшылардың рухани һәм діни, тарихи біліктіліктерін арттыру қажет», – деді найб имам Мұхамеджан Естеміров.

Айта кетсек, аталмыш «Шырақшыларды оқыту» орталығының жұмысына қала әкімдігіне қарасты туризм және мәдениет басқармаларымен бірлесе отырып,  жоғары білімді, білікті һәм тәжірибелі діни мамандар мен қатар белгілі тарихшы мамандар дәріс береді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38