Бүгін Шымкент Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Ислам және Жастар» атты рухани танымдық семинары ұйымдастырылды.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастаған қала имамдары мен қалалық Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері, қалалық «Жастар ісі» секторы мен «Әйел-қыздар» секторының жетекшілерін қатысты.
Рухани семинар барысында қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков арнайы баяндама жасады. Баяндама барысында биыл елімізде «Балалар жылы» деп жария етуіне орай атқаралатын негізгі жұмыс жоспарын таныстырды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы Жастар тәрбиесіне қатысты жұмыстарды жандандыру туралы нақты тапсырмалар берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі