Бүгін  Шымкент Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша  өкілдігі қасиетті Рамазан айында дайындықты пысықтау туралы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Азамат Әбдікерімұлы, Дастан Желеуов, Берік Қалдаров, Бердалы Жәміш, Анарғали Керімбеков,  Айбек Азимбаев және мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері қатысты. 

Мәжілісті Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қатысып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс барысында ҚМДБ бекіткен қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Соның ішінде, қала әкімдігімен бірлесіп өткізетін қайырымдылық шаралары мен уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар рәсімі, тарауих намазында хатым Құран өткізу барысы, әлеуметтік желі арқылы онлайн насихаттар мен күнделікті сұрақ-жауап орталығының жұмысы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, заман талабына орай онлайн зекет, пітір, садақа мәселелері айрықша тоқталды.

Жалпы, мәжіліс Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барысында тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарына сәттлік тіледі. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38