Бүгін ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Омарова Айжан Қалмаханқызы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.
Сапар аясында өңірдегі «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған мекемелеріне тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде, Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік Нан», «Фаст-фуд» өнімдері мен «София» балабақшасының тамақтану орны мен «Пилигрим – тәттілер» және «Пельмен » цехы т.б. бірнеше халал мекемелеріне барды.
Сондай-ақ, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев халал бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы қысқаша есебі тыңдалды.
Айта кетсек, жоспар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Омарова Шымкент қаласы мен Түркістан облысында «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған мекемелерінде бірнеше кездесулер мен семинарларға қатысды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі