Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасы Нүкежанов Ержан Болатханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Мәртебелі қонаққа «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай таныстырып, оқу базасында атқаралып жатқан жұмыстары туралы қысқаша баяндап берді.
Кездесу аясында Дін істері комитеті төрағасы Ержан Болатханұлы болашақ руханият һәм дін қызметкерлеріне өзінің ағалық кеңесін айтып, заман көшінен қалып қоймай, білімді болуға, еліміздің руханиятына еңбек етуге шақырды.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі