Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытына және ҚМДБ қабылданған құжаттарды насихаттауға сәйкес, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде көпшелі діни семинар өтті.
Діни семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және мешіт имамдары мен ЖАНТ мүшелері қатысты.
Діни семинар барысында мешіт имамдарының біліктілігін көтеру және бүгінгі таңдағы діни өзекті тақырыптар туралы дәріс өткізілді. Әр семинардың өзіндік тақырыптары қойылады.
Кезекті семинарды ЖАНТ мүшелері белгілі дінтанушы мамандар «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков мен «Таскен» мешітінің имамы Нұрғиса Мұсаевтар дәріс берді.
Семинар барысында қатысушыларға «Әбсаттар Сманов» мешітінде ашылған асханада мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі