ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Еңбекші ауданының мұрындық болуымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» игі шара аясында «Салауатты өмір салты – өнегелі сүннет» атты мешіт имамдары арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Турнирге қаладағы төрт ауданнан «Еңбекші», «Қаратау», «Абай», «Әл Фараби» деп аталатын командалар қатысты.
Салнататты ашылу шарасында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан найб имам Мұсабек Ақтамберді құттықтау лебіздерін жеткізіп, командаларға сәттілік тіледі.
Аталмыш турнирдің бас жүлдесіне «Қаратау» командасы ие болды. Ал екінші орынға «Әл-Фараби», үшінші орынға «Еңбекші» командалары ие болды. Жүлделі орын алған командаларға арнайы диплом және қаржылай сый-сияпаттар табыс етіліп, шара соңы берекелі дастарханмен жалғысты.
Айта кетсек, Еңбекші ауданының бас имамы Берік қажы Қалдаров шараға спорт залынын ұсынған Еңбекші ауданы, Бадам-2 тұрғын үй алабы №97 орта мектебінің басшылығына, Еңбекші аудан имамдарына және ауыл ақсақалдар кеңесіне алғыс айтып, ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі