Бүгін, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ақжар ауылы «Мейірман ата» мешітінің ұйытқы болуымен «Аналарды ардақтайық!» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Ақжар ауылы «Мейірман ата» мешітінің имамы Дәурен қажы Тасқараев, ауыл билері мен ауылдық «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.
Игі шара Құран оқып, бата жасаумен басталды. Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтау сөзін найб имамы Мұхамеджан Естеміров жеткізіп, аналарға ризалығын білдірді.
Рухани шара барысында ауылдық «Әжелер» мектебінің 70-тен астам мүшелеріне мерекелік дастархан жайылып, сый құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі