Бүгін, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Менің анам – менің жәннатым» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре мен аудандық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Ержігіт Мамытұлы және «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.
Игі шара Құран оқумен басталды. Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен Әміре Бекайдар ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, ата-ананың қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты.
Рухани шара барысында қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелеріне «Мұмтаз» халал дәмханасында мерекелік дастархан жайылып, сый құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі