Таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің спорт залында ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Дін және спорт» атты салауатты өмір салтын насихаттау шарасы ұйымдастырылды
Игі шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Өркен Сапарқұлов, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев ұстаздары қатысып, төрелік етті.
Жарыс қорытындысы бойынша, кір тасын көтеруден: 13-391 тобының студенті Кенжаев Қадыр 1-орын, 13-491 тобының 3 курс студенті Нұрмахан Айдын 2-орын, 13-9-121 тобының студенті Хусан Ал-Фараби 3-орынды иеленді.
Қол күрестен: 13-491 тобының 3 курс студенті Демеуов Абдурахман 1-орын, 13-9-121 тобының 1 курс студенті Қадырбеков Шаттық 2-орын, 23-401 тобының 2 курс студенті Жұматай Ерназар 3-орынды иеленді.
Футбол жарысынан: 13-391 тобының «Ордабасы» командасы 1-орын, 13-491 тобының «Қайрат» командасы 2-орын, 23-401 тобынан құралған «Отырар» командасы 3-орын иеленді.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі