Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Әл-Біләл мешітінде 1 наурыз алғыс айту күніне орай, мешіттің белсенді жамағатының қатысуымен «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды» атты рухани іс шара өтті. Әл-Білә мешітінің имамы Берік Жақыпбекұлы белсенді жамағатқа алғысын білдіріп арнайы қаламыздың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының алғыс хатымен марапаттап арнайы сыйлықтар табыстады. Қариялар бата беріп, жамағатқа ой кеңесін айтып, алғыстарын жаудырып тарқасты.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі