“Дархан дала“ ішкі туризм саяхаты жасалды. ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі.
Абай ауданы, ”Темірші ата” мешітінің Имамы Ербол Тастанбекұлының ұйымдастыруымен “Darhan dala“ ішкі рухани туризм саяхаты Сайрамға “Ибрахим ата“ “Қарашаш ана” т.б кесенелерді Мешіт жамағаты – Ақсақалдары мен зиярат жасап, Құран оқылып- дұға етілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосқан болатын . Жобаның мақсаты: – Халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету.
Басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру. Аталған жобаны ҚМДБ жанындағы «Darhan Dala Travel» туристік фирмасы имамдардың атсалысуымен жүзеге асуда Кейде киелі орындарға зиярат жасау рәсімдері кезінде шариғат талаптары сақтала бермейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге назар аударып, Имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдады. Мақсатымыз: – Елімізде жалпыға бірдей зиярат мәдениетін қалыптастыру және зиярат жасау кезінде шариғат әдебін сақтауды қадағалау.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі