Шымкент қаласы бойынша өкілдігі. Абай ауданы, “Темірші ата“ мешітінің Имамы Ербол Тастанбекұлының ұйымдастыруымен. Абай ауданы, Ынтымақ елді мекенінде орналасқан 54 – мектеп ұстаздарына құрмет көрсетіліп , ата – аналар мен оқушыларға “Әйел – Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен Әлемді тербетеді” – атты мерекелік рухани танымдық бас қосу шара жасалды. Көпбалалы отбасыдан шыққан 10 оқушы қыздарға сырт киімдер тарту етілді. “Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан“ деп Абай атамыз айтқанындай, Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім тәрбие алған жас шәкірт өмір жолында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы белгілі. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұзтаздардың қолында.
Асыл дінімізде :“Әйел – ару, аналарымызға құрмет көресету – бір күнмен шектемей, жыл он екі ай құрмет көрсетуді бұйырғанын ұмыт қалдырмағанымыз абзал.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38