Шардара аудандық кітапханада «Дені сау ұрпақ – қоғам болашағы», – атты кездесуге қалалық қоғамдастық төрағасы Қ. Ілесов, «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінің бас имамы, Жастар өкілі Н. Шәдетхан, қала әкімінің бас маманы Г. Құрманбаева, Шардара аудандық жастар бөлімінің бас маманы Қ. Бекмұратов қатысты. Сөз кезегінде Н. Шәдетхан Құран Кәрімде «Шындығын да Алла Тағала Тәубе қылғандар мен тазарғандарды жақсы көреді», – деген. Демек, тәубе қылу рухани тазару болып табылады. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау», – деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.