IMG 499

IMG 499

 

 

 

Шардара ауданы Қоссейіт ауылы «Қоссейіт» мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», – кездесуге «Қоссейіт» мешітінің молдасы Н. Бижигитов, ауыл биі А. Маңқараев, ауыл әкімінің дін саласы бойынша бас маманы А. Алденеев, мектептің дін тану негіздері пәнінің мұғалімі Ы. Дүйсенов қатысты. Сөз кезегінде ауыл молдасы Н. Бижигитов жастарды дін атын жамылған кері тартпа ағымдар мен адасқан топтардың дінімізге, қоғамымызға келтірер зияндары мен зардаптарын кеңінен түсіндіріп берді. Олар қәзіргі таңда әлемде орын алып жатқан түрлі келеңсіздіктер мен қақтығыстардың барлығы да діни сауатсыздықтан шығып жатқандығын тілге тиек етіп, жастарды діни сауатты болуға шақырды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 499

IMG 500

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38