ҚМДБ – ның ОҚО өкілдігінің жанынан құрылған ЖАНТ топ мүшелері, Шымкент қаласы Қайнарбұлақ саяжайы «Насрулла» мешітінің бас имамы А. Жолдасов, Сайрам ауданы Сайрам ауылы жәми мешітінің бас имамы О. Махмудов, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан «М. Горький», №1 «М. Әуезов», «Б Соқпақбаев» жалпы орта мектептерімен «Шардара» мектеп лицейінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Діни ағымдардың алдын алу», «Дін және Дәстүр сабақтастығы», «Дін және Жастар», – тақырыбында кездесу өтті. ЖАНТ мүшелері жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы егіз ұғым екендігіне тоқталып, шынайы дініміздің құндылықтары, қағидалар мен шарттары, бағыттары адам баласын жақсылыққа ізглікке шақыратын болса, діннің атын жамылған кереғар діни ағымдардың іс – әрекеттері адамдарды адасушылыққа жетелейтінін айтты. Шардара» орталық мешітінде «Насрулла» мешітінің бас имамы А. Жолдасов және «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде Сайрам ауданы Сайрам ауылы жәми мешітінің бас имамы О. Махмудов ҚМДБ – ның бір жылдық уағыз жоспары аясында бекітілген «Қызға қырық үйден тиым», – атты тақырыбында уағыз – насихат айтты. Түстен кейін Шардара қаласы «Ақшағала» мейрамханасында Бақытжан Таласовтың дүниеге келген сәбиінің «Ақиқа» дастарханында жамағатқа уағыз жалғасын тапты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.