ОҚО өкілдігінің жанынан құрылған «Жергілікті ақпараттық насихат тобының» (ЖАНТ) мүшелері жастарды, ауыл тұрғындарын «Жат ағымдардан алдын алу» шарасы бойынша ауданымызға келді. Бұл кездесуді аудандық орталық мешітінің бекіткен кестелік жоспар бойынша Жаңабазар ауылының жастарымен және ауылдық «Қазығұрт» мешітінде жамағатпен кездесу ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы «Халифа Омар» мешітінің имамы облыстық ЖАНТ мүшесі Ерімбет Нұрғали тақырып аясында сұхбат жасап, сұрақтарына жауап берді. Сұхбат барысында «Имам Ағзам Абу Ханифа» мазхабымыз жайлы кеңінен түсіндіріп, діннің атын жамылып жүрген ағымдардан сақ болуға шақырды.
Зекет бөлімі жұмысы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни салада басымдық беретін бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Аллаға шүкір ауданымыздың кәсіпкерлері ісінің үлкенді кішілігіне қарамастан, жомарт жандардың демеушілігімен бұл игілікті іс жалғасын табуда. ОҚО өкілдігінің жанындағы «Зекет» бөлімінің бөлімшесі ретінде Қазығұрт аудандық орталық мешітінің жанынан «Зекет» жұмысына жауапты маман бекітілген. Сондай ақ зекет жайлы түсіндіру жұмыстары қолға алынып, зекет баннерлері ілініп, кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылуда. Соның нәтижесінде он алты қой зекеті қайырымдылыққа мұхтаж отбасыларға үлестірілді. Бір азамат аудандағы зекет бөлімімен бірлесіп өзінің мал шаруашылығынан зекет беретін мөлшерін анықтап, қайырымдылық жасау жұмыстары ұйымдастырылды.Аудандағы екі кәсіпкер азаматтар кәсібінің табысын есептеп зекетін шығарып, азық түліктей қайырымдылыққа мұхтаж жандарға үлестірілді. Сол сияқты Жаңаталап ауылында «Нұржан қажы» мешітінің атсалысуымен ауылдың он жылдық түлектері азаматтық танытып, зекетін тиісті отбасыларға азық түліктей үлестірілді. Жалпы аудан жұртшылығы зекет парызына ыстық ықыластылығы байқалып, қызу жүруде. Орталық мешітке жиі осы жайлы сұрақтарын қойып жатқандардың қатары көбейіп жатыр.
Халал ас – иман беріктігі мен денсаулықтың кепілі екенін
ұмытпауымыз керек
ҚМДБ ының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретіміздің; «Халал» сөзі дінімізде тазалық пен адалдықты білдіретін қастерлі ұғым. Алланың берген нығметтерінің адалынан пайдаланып, тыйым салған нәрселерден аулақ жүру әрбір мұсылманның асыл міндеті……
Халал ас – иман беріктігі мен денсаулықтың кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Өйткені, Алла Тағаланың тыйған нәрселерінен тыйылмау жүректің қараюына, мінез-құлықтың нашарлауына, дұғалардың қабыл болмауына, тіпті Алланың рахымынан алыстауға себеп болады» ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, осы жұмыстарды дамыту, халыққа жеткізіп түсіндіру мақсатында аудандық орталық мешіт жанынан арнайы маман бекітіліп тиісті ұйымдастыру шаралары қолға алынуда.
Соның нәтижесінде ауданымыздағы Қ.Абдалиев ауыл округі Рабат ауылындағы «Жүзбай ата» ШҚ және Жаңабазар ауылындағы «Қайып ата» ШҚ қасапханалары «Халал өнімдерін стандартау» сертификатын алып, осы бағытта аудан жұртшылығына қызмет жасауда. Бұл игілікті іс бекітілген жылдық жоспарға сай ұйымдастырылады.
Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті.