Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған, марқұм Әбсаттар Смановтың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
«Әбсаттар Шәкірұлы – Ғұламалар Кеңесінің белді мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің жұмысын жоғары деңгейге көтерген ұстаз, қасиетті Құранды қазақша аударған ғалым. Ол діни салада аянбай еңбек етіп, шәкірттер тәрбиелеуде табандылық танытты. Біз, Діни басқарма ұжымы, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері ол кісінің ерен еңбегін әрқашан мақтан тұтамыз. Алла Тағала Әбсаттар Шәкірұлын өз рақымына бөлеп, жәннаттын нәсіп еткей!» – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz

 

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий