Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында «Сарыағаш» медресе-колледжінің жаңа ғимаратын аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.
5 қабатты жаңа құрылыс нысанының аумағы – 4 мың шаршы метр. Жаңа ғимарат бір мезетте 400 шәкіртті қабылдай алады. Айта кетсек, бүгінде медресе-колледжде 345 шәкірт білім алуда.
Бас мүфти ғимаратты аралау барысында шәкірттермен кездесіп, білім алудың маңыздылығы туралы уағыз айтып, кеңестерімен бөлісті.
«Сарыағаш» – медресе-колледж мәртебесін алған орта діни білім ордаларының бірі. Осы оқу орнының болашағы жақсы деп айта аламыз. Мұнда шәкірттерге арналған спорт кешендері де салынған. Алла бұйырса, 1-2 жылда қалған медреселерге де колледж мәртебесін беру жоспарымызда бар», – деп мәлімдеді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz