Кешірімділік қасиеті асыл дініміз исламның негізгі өзегінің бірі болып табылады
Кешірімді болу – адам бойынан табылатын ең ізгі қасиеттің бірі
Өзгелердің қатесін кешіре білу – адамгершіліктің ең бір жоғарғы үлгісі ретінде айтылады
Құранда кешірімді жандар жайлы
«Кешірім жолын ұста, дұрыстыққа бұйыр, білместіктен аулақ бол» деп «Ағраф» сүресінің 199- аятында өсиет еткен
Әли-Имран» сүресінің 134-аятында: «Сондай–ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық істеушілерді сүйеді»
“Алла елшісі оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын хадистерінде: “Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге) сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз». (Суюти)
«Жаза берудегі қателесу, кешірудегі қателесуден жаманырақ» (Хаким)
«Алла разылығы үшін кешірген адамның дәрежесін Алла Өзі көтереді» (Мүслим)
Кешіріңдер, Алла Тағала да сендерді кешірсін және дәрежелеріңді арттырсын!» Бабаларымыз :
“Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік”.
“Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ”- демекші, кешіре білу кеңдіктің белгісі деп ұғынуымыз керек
Бұл өмірде қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, сол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Ең алдымен біреуді кешіру өзімізге жасалған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал
Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру — бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады. Кешірімді болсаң – кең боласың. Келісімге келу — кеңдік. Кең болсаң – кем болмайсың. Келісім көкжиекке көтереді. Кешірім беру – өзгеге күлкі сыйлау. Күннің көзінде де кешірімділік бар. Өнегелі адам кішіпейіл келеді.
Алла Тағала баршамызға, осы айтылған барлық аят-хадистермен ұлағатты сөздерді санамызға сіңіріп сондай-ақ амал етуімізді нәсіп етсін!
Алла Тағала бізді де үлгілі болған құлдарының қатарынан қылып, екі дүниеде де бақыт нәсіп қылған пенделерімен бірге болуға жазсын!Кешірім мен жанашырлық – мұсылманның негізгі ізгі қасиеттерінің бірі екенің естен шығармаған жөн. Сондықтан жүрегіңіздегі қатқан тонды Алла разылығы үшін жібітіп, жүрегіңізді кек пен ашудан босатыңыз, сонда ғана рухани жеңілдікті сезініп, өмір сүруіңіз әлдеқайда жеңілдейді.
Жаратқан Алла Тағала баршамызды өзгелерге кешіріммен қарайтын , қияметте Жаратушымыздың кешіріміне бөленетін құлдарының қатарында қылғай !
Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ісі секторы “Темірші ата“ мешітінің Имамы Ербол Қалшабеков Тастанбекұлы