ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде облыстық Жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне Жасөспірімдер арасында Құран жарысын болып өтті.
Құран жарысында облыс бойынша 64 қари-хафиздер қатыстырылды. Жарыс барасында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы сөз сөйлеп, ізгілік тіледі.
Жарыстың әділ өтуі үшін облыстық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов, ұстаз Осман Өзташ және Нұрлан Бахытжанұлы төрелік етті.
Аталмыш сайыста бірінші орынды Ығылман Мұхаммед, екінші орынды Валихан Мансур, ал үшінші орынды Гайбов Ислам иеленді.
Жүлде алғандарға арнайы диплом және ұялы телефон мен қаржылай сый-сияпат берілді. Сондай-ақ, қалған қатысушылар өкілдік тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Жалпы, жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38