Өздеріңізге белгілі, биыл еліміздің Маңғыстау мен Қызылорда облысы құрғақшылық салдарынан елдің мал шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасқаны белгілі. Осы сындарлы сәтте Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағында тұратын бірқатар ерікті топ мүшелері ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының аталмыш өңіргі жағдайға байланысты жолдаған үндеуіне қолдап, қол ұшып беріп, ұйымдастырып, ерікті түрде атсалысқан болатын.
Осы игі бастамаға ерікті түрде қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, ынталандыру һәм өзгелерге үлгі етіп көрсету мақсатында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орайластырылып ҚМДБ Төрағасы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттау үшін Шымкент қаласы «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында басқосу ұйымдастырылды.
Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, Түркістан облысы бойынша іс басқарушы – дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, дінтанушы Азамат Әбідкерімұлы, және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттерінің бас имамдары, ерікті топ мүшелері қатысып, игі шараға куә болды.
Осы орайда, арнайы Бас мүфтидің марапатына ақын Біржан Байтуов, Құрмет Талапқазы, Қажымұхан Абзалов, Бекмұрат Анарбаев, Сайлаубай Мейірбеков, Мұратбек Солтанбай, Мақсат Дәулетұлы, Нұрлыбай Татаев, Арыстан Оразалыұлы, Бекжан Орманәліұлы, Нұржан Жақсылық, Марат Ергешұлына Алла Тағала разы болсын!
Басқосу аясында қатысушылар кітапханасындағы «Мүфтият» имандылық бұрышы мен шағын мұражайы тамашаланды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі