Бүгін  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында  ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

         Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, Түркістан облысы бойынша іс басқарушы  — дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, дінтанушы Азамат Әбідкерімұлы, белгілі ақындар Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбаев, Қажымұхан Абзал  бастаған ақындар және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттерінің бас имамдары, кәсіпкерлер, ерікті топ мүшелері қатысты.  

         Игі шараны дінтанушы Мұхамеджан Естеміров жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді шаһардың бас имамы Бақдаулет қады Нұрматұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, тәрбиелі мәні бар жобаның мақсаты мен мүддесі туралы кеңінен түсіндіріп берді.

         Осыдан кейін, дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев құттықтау сөз сөйлеп, діни басқарма жұмыстар ымен жетістіктерін атап өтті. Ихсан бағытының дер кезінде қолға алынған шара екендігі қуынышпен, жыр-шумағымен белгілі ақын Біржан Байтуов жеткзіп берді.

         Әсерлі жиын барысында,  оқырмандарға жол тартсын деген мақсатпен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын өңірдегі кітап қорына өте бай кітапхана болып саналатын «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы «Мүфтият» имандылық бұрышына тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий