Өздеріңізге белгілі, Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.
Осы орайда, бауырлармызға көмек беру мақсатында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «#ТАРАЗ БІЗ БІРГЕМІЗ» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Аталмыш шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, найб имамы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қатысты. Қайырымдылық барысында зардап шеккен 60 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, 60 оқушыға мектепке қажетті оқу-құралдары қамтылған мектеп сөмкелері үлестірді.
Осы орай, ұйымдастырылған шараға қаржылай қолдау көрсеткен жомарт жандарға және қала имамдарына Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі