Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінің  ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінің имамы Исламқұл Иманқұлұлы және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қатысып, ізгі іс жасады. Аталмыш шара барысында қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер Талғат Әлмұхаммедұлына Алла разы болсын!  

Ұйымдастырылған игі шара аясында 100 оқушыға –  мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдары (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) қамтылды.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы бойынша осы күнге дейін қала бойынша 1000 оқушыға көмек берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38