IMG 307

IMG 307

ОҚО Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұйытқы болуымен «Мерей» мейрамханасында үлкен дастархан басында адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) дүниеге келуіне арналған «Мәуліт Төлеби төрінде» атаумен мерекелік шарасы аталып өтті.
Аталмыш рухани шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, жергілікті аудан әкімі, ауыл әкімдері мен билері және мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мерекені «Ал-Баари» мешітінің имамы Вапаев Рустам әуезді Құран оқумен бастады. Рухани шараны аудан имамы Анарбаев Самат жүргізіп отырды. Пайғамбарымыз (с.а.с) туралы ғибратты ғұмыры туралы бейне ролик қойылып тамашаланды.
Шара барысында Мәуліт жырын, салауатын оқылып, ақындас айтысы мен жыршыларымыздың жыр термелеріне орын берілді. Осыдан кейін, ОҚО өкіл имамы орынбасары Бегайдар қажы Әміре жиналған жамағатқа уағыз-нәсихат айтып, мұсылман жамағатын риза етті.
Төлеби ауданы «Нұр» мешітінің бас имамы Анарбаев Самат келген барша жамағатқа сый-сипат беріп, үлкен алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 304

IMG 305

IMG 306

IMG 307

IMG 308

IMG 309

IMG 310

IMG 311

IMG 20170111 WA0023

IMG 20170111 WA0026

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38