IMG 275

IMG 275

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің ұйытқы болуымен Мәуліт айының құрметі рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Рухани шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және оның орынбасарлары Е.Қарақұлов, Б.Әміре, М.Естеміровтар, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы-қари К.Сыздықов т.б. мешіт жамағаты қатысты.
Кездесу барысында өкіл имам А.Пірәліұлы Бас мүфти Ержан қажы малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді. Әсерлі айтылған уағызды жамағат ұйым тыңдады.
Рухани шарада дәстүрге сәйкес, Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің бас имамы Дастан Желеуовтың арнайы барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға дінімізге сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 271

IMG 272

IMG 273

IMG 274

IMG 275

IMG 276

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38