IMG 269

IMG 269

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты «Шымкент медресе колледжі» қасиетті Мәуліт айының құрметі рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Елімізде барша мұсылман қауымына ортақ – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (ﷺ) туған күні Мәуліт мерекесі тойлануда.
Робиъу әл-Әууәл айында бүкіл адамзат үшін үлкен тарихи оқиға орын алғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ол адамзатқа сүйінші, ескертуші етіп жіберілген Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың туылған күні – «Мәуліт» күні, «Мәуліт» айы. Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдап, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, барлық мұсылман қауымына «Шымкент медресе колледжі» ұстаздары мен шәкірттері мәуліт құтпасын оқыды.
Рухани шара кезінде оқу ордабысының директоры Талғат Әсембай және ОҚО өкіл имамының орынбасары Амантай Садиев Мәуліттің қадір –қасиеті мен шығу тарихы жайлы мәлімдеді.
Рухани шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 265

IMG 266

IMG 267

IMG 268

IMG 269

IMG 270

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38