27 желтоқсан 2016 жылы Созақ ауданы, Созақ ауылындағы «Тарса» тойханасында мәуліт мерекесі аталып өтті. Арнайы 130 кісіге дастархан жайылып, оған аудан көлеміндегі мешіт имам-молдалары, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, қариялар шақырылды. Келген қонақтарға Созақ ауданының Бас имамы Төрехан қажы Әлжан мәуліт атап өту тарихы, мәуліт атап өтудің маңызы жөнінде, Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уа салламның өнегелі өмірі жайында уағыз айтылып, мәуліт құтпасы оқылды.
«Мәуліт кешіне» келген қариялар, имамдар сөз алып, ата дініміздің жат ағымдардың кесірінен бұзылмауын қадағалауымыз және ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуіміз қажеттігін баса айтты.