Жуырда, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру» орталығында кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған 12 күндік онлайн және офлайн семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров  қатысып, курсқа қатысқан имамдарға сертификат табыс етті.

Семинарда Құран және тәжуид, ақида негіздері және шариғат үкімдері пәндерінен дәріс оқылады.

Мұнымен қатар, Ихсан ілімі бағытында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Имамдарға білікті ұстаздары  Нұрсұлтан Мамадалиев, Ералы Есенгелдиев және Мейірбек Сәрсенбаевтар  дәріс берді.

Жалпы, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған 12 күндік курс жұмыстары алты айға дейін жалғастыру көзделуде.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38