Бүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Өздеріңізге белгілі, елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылды.
Айтулы шараның маңыздылығы жөнінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаевтар қатысып, жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен «Шалхар» радиосы мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлеріне сұқбат берді.
«Қасиетті Рамазан айының келуіне орай және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы барлық кәсіпкерердің қолдауымен күн сайын қаладағы мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылатын болды. Оның ішінде: күріш, қант, өсімдік май, шәй, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б. Осы игі шараға қолдау білдіруге шақырамын»,- деді бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы.
Көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «Әл-Біләл» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.
Айта кетсек, Шымкент орталық мешіті мен бірге, қала әкімдігі мен кәсіпкерлік палатасы басшылығының қолдауымен бір ай бойы мың отбасыға күн сайын қайырымдылық себеті эстафета түрінде жалғасатын болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38