IMG 145

IMG 145

Шардара қаласы «Аль – Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибековтың ұйымдастыруымен пайғамбарымыз – Мұхаммед (с.а.с) туған күні – «Мәуліт» мерекесі атап өтілді. Мерекелік кешті қасиетті Құран Кәрім аяттарымен «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан ашты. Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров рухани кешке жиналған мешіт жамағатын қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) дүниеге келуімен Алланың мейірімі тасып, әлемге өзгеріс кірді. Сөздер мен сұхбаттарға мән кіріп, әрбір нәрсе жаңарып, ерекше мағына мен әсемдікке бөленді. Құран Кәрімде Алла Тағала өзінің соңғы Елшісі (с.а.с) жайында: «Біз сені бүкіл әлемге рахым етіп қана жібердік», – деген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде: «Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны – мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам», – деген. Ал, Әнас (р.а) атты сахабадан келтірілген пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде: «Кімде – кім маған бір рет салауат айтса, Алла тағала оған он салауат айтады. Әрі он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі», – деген деп жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтады.
Мерекелік кешке жиналған жамағатқа діни сұрақ сауал – жауаптар ұйымдастырылып, жауап берген азаматтарға ҚМДБ – ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар сыйға тартылды. Осы кеште әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға ұн, ақ май, азық – түлік тауарлары таратылды. Кеш соңында «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан, найб имам М. Кузенбаев, пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтып, мәуліт оқыды. Аудан имамы А. Данияров рухани мерекелік кешті қорытындылай келе, ұйымдастырушы алқамен, кешке үлес қосқан азаматтарға алғысын айтып, Мәуліт рухани кештің алдағы уақытта Абай мәдениет сарайында өтетіндігін хабардар етті.

Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 145

IMG 146

IMG 147

IMG 148

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38