16 желтоқсан күні кешке тәуелсіздік және мәуліт айы құрметіне аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешіті мен ҚМДБ-ның ОҚО Ордабасы ауданы бойынша жастар ісі бөлім меңгерушісі Омарханов Елжастың ұйымдастыруымен Темірландағы «Қамар» қайырымдылық мекемесі ғимаратында іс-шара болып өтті. Онда жамағатқа әр түрлі тақырыпта уағыз насихаттар айтылып, түрлі викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ жиында Ордабасы ауданының тұрғындарының діни сауаттылығын,белсенділігін яғни дәстүрлі дінді дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар бекітілді.
Сонымен қатар тек діни іс-шаралар ғана емес, қоғамдық және спорттық іс-шараларда назарда болды. Жиын барысында жамағатқа проектормен діни бейнероликтер көрсетіліп, олардың діни бағытты жандандыруға деген пікірлері есепке алынды, 2017 жылға бағдарлама жүргізілді. Жиын соңында жамағатқа арнайы дастархан жайылып ас берілді.
Осындай жиын Сарыарық ауылы «Омар ибн Хаттаб» мешітіндеде аталып өтті