Бүгін, ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жоспары аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан мазарлар мен зират орындарын аялап, күтіп-баптау бойынша «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қалалық әкімдіктің мамандары, қалалық дін істері басқармасы мен қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты ерікті жастар тобы және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттердің имамдары мен жамағаты қатысты.
Қала аумағындағы 36 мұсылман зираттарына тазалық жүргізілді. Және шараға қатысқан жамағатқа имамдарымыз зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіріп, жалпы ата-баба рухына Құран бағыштап дұға етті.
Айта кетсек, тазалық шарасына жергілікті әкімдікке қарасты «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің бірлік техникалары жұмылдырылды.
Ұйымдастырылған шара қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Нар тв» сынды телеарналар мен газеттеріне сұқбат берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі