Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ҚМДБ-на қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығында онлайн оқып, қари-хафиз атанған бес шәкірттерімізді марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының бас имамы орынбасары  Мұхамеджан Естеміров,  «Ықылас» қарилар дайындау орталығының төрағасы Қалиолла қажы Маджанов,  «Ықылас» қарилар дайындау орталығының  диекторы Ықласхан қари Майлан, ұстаздар Қамулжан қари Садықов. Алишер қари Мадумаров, Нұрдәулет қари Маджан т.б. ұстаздар қатысты.

Сондай-ақ, марапаттау шарасы барысында бас имамы орынбасары  Мұхамеджан Естеміров  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп, сәттілік тілеп, жас қариларымызға сертификат табыс етілді. Атап айтқанда қасиетті Құранды толық жаттап, қари атанған шәкірттеріміз:

1.Жұманазаров Ермек Құрманғазыұлы.

2.Бекзат Мұхаммед Абдулазизұлы.

3.Рамазан Дархан Нұрланұлы.

4.Шахмансұров Мухаммадазиз Шахасанұлы.

5.Мырзахмет Махмут Жолдасұлы.

Осы қариларымызға «Ықылас» қарилар дайындау орталығының төрағасы Қалиолла қажы Маджанов мырза оқу орнынның дәстүріне сәйкес қари атанған шәкірттерге қасиетті Мекке мен Мәдинаға Ұмра қажылығы сапарына жолдама берілетіндігін айтап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38