Рамазан айында ауыз бекіту міндеті жүктелу үшін бес шарт қойылады.

Ол: 1) Мұсылман болу;

2) Ақыл-есі дұрыс болу;

3) Балиғат жасына жеткен болу;

4) Ораза ұстауға күшi жету (науқас болмау) ;

5) Тұрғылықты болу (жолаушы болмау).

Міне осы шарттар орындалған уақытта ер-әйел деп бөлмей әрбір пендеге рамазан айында ауыз бекіту міндеті жүктеледі. Тек әйелдер етеккір кезінде және нифастағы (босанған) әйел осы күндері аяқталғанша ораза ұстамайды, әрі намаз оқымайды. Осы аралықта жіберіп алған намаздарының қазасын өтемейді, бірақ рамазан айында болғандықтан рамазан айының неше күнін жіберіп алса, тек сонша күн оразаның қазасын өтеп санын толтыруға міндетті. Басқаша айтқанда неше күн ораза ұстамаса, сонша күн қазасын өтеп береді. Бірақ сол күндері қаза етіп алған намаздарының қазасын өтемейді. Бұл Алла тағаланың дініміздегі әйелдерге берген жеңілдігі болып табылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38