Облыс әкімі Ж.Түймебаев өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өңіріміздегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Онда әкім Елбасының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiмен» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мереке қарсаңында Мемлекет басшысы, еліміздің Тәуелсіздігі мен ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiн» өңіріміздегі бірқататар азаматтар ие болған.
Аталған мерекелік медаль иелерін облыс әкімі арнайы қабылдап, Елбасы атынан табыстады. Оладың қатарында облыс прокуроры И.Иманов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек, облыстық клиникалық аурухананың дәрігері М. Абуов, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, Ахыска» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі М.Мусаев, облыстық күрд этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Надиров, «Казаки» қоғамдық ұйымының төрағасы Д. Хрущев, «Наири» армян этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Сидиропуловалар бар.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі