Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Абдірахманов Бақдәулет Нұрманұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен награтталды.
Мерекелік медалді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Абдрахимов салтанатты түрде табыс етті.
Айта кету керек, шырайлы Шымкент қаласына бас имам болып Бақдәулет Абдірахманов келгелі бірқатар оңды істер қолға алынып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде имамдарымыздың біліктілі, мешіттердің заман талабына сай болуы, ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт жұмыстардың қолға алынуы сынды соны жұмыстарды атап өту керек. Мерекелік марапатыңыз құтты болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі