ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жеке тапсырамасы аясында Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат (ЖАНТ) тобы ОҚО Мақтарал ауданында бірнеше жерде кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек бастаған топ құрамында Б.Әміре, А.Садиев, Е.Қарақұлов, Қ.Сарыбаев, А.Данияров, Б.Сыздықов және Мақатарл аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі П. Есенбековтер Мақтарал ауданындағы Марзакент, Асықата, Атакент және Жетісай қаласындағы орталық мәдениет үйлерінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және елдің бірлігі мен татулығы этносаралық татулықтың маңыздылығын түсіндіру жөнінде болып өтті.
Аталмыш кездесулерге жергілікті ауыл билері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мектеп мұғалімдері мен түрлі этнос орталықтарының өкілдері т.б. жалпы саны 1120 адам қатысты.
Жалпы, өңірде өткен кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ел риза болып тарасты.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38