Шымкент қаласына қарасты мешіт имамдары арасында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті.
Аталмыш турнирге 5 команда қатысты. Олар: «Абай», «Еңбекші» «Қаратау», «Әл-Фараби» және «Шымкент медресесі» командалары ойын көрсетті.
Турнирде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы сөз алып, барша командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысқан командалар арасында Шымент қаласы, Еңбекші ауданының «Еңбекші» командасы топ жарып, 1-орынға ие болды. 2-орынға «Шымкент медресе-колледжінің» ұстаздары ие болса, 3-орынды Абай ауданының «Абай» командасы иемденді. Турнир соңында жеңімпаз командаларға сыйлық табысталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Жеңісті күндеріміз мол болғай.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі